Жаңалықтар

Бүгін Жаңаарқа ауданының белсенді жастарымен Конституцияға қатысты мазмұнды кездесу өтті.

Кездесудің басты мақсаты – Қазақстан Республикасының Конституциясының маңызы туралы кеңінен пікір алмасу, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және Ата Заң аясындағы ұсыныс-пікірлерін тыңдау болды. Ашық форматта өткен жүздесуде ел болашағына қатысты тың идеялар ортаға салынды.

 

Конституция – мемлекетіміздің берік негізі, ал жастар – сол негізді нығайтатын қозғаушы күш. Осындай кездесулер арқылы құқықтық мәдениетіміз қалыптасып, ортақ құндылықтарымыз айқындала түседі.

 

Белсенділігі жоғары, ел ертеңіне бейжай қарамайтын жастарымызға алғыс білдіреміз! Бірге дамимыз, бірге жарқын болашаққа қадам басамыз! ✨

Басқа жаңалықтар

Back to top button