ӘЛЕМНІҢ МӘНІ – ӘЙЕЛДЕ

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында салтанатты жиын өтті. Мерекелік кешке қала тұрғындары, ардақты аналар мен түрлі салада еңбек етіп жүрген нәзік жандылар қатысты.
Іс-шараның басында қала әкімі Мұрат Бөрібаев жиналған қауымды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, қоғамның дамуына үлес қосып жүрген аналарға алғысын білдірді. Сондай-ақ, көпбалалы «алтын құрсақ» аналарға «Күміс алқа» табыстап, олардың еңбегі мен ана ретіндегі ерекше мәртебесін атап өтті. Сонымен қатар, қоғамның саяси-әлеуметтік өміріне белсене араласып жүрген бірқатар азаматтарға Сәтбаев қаласының Құрмет грамотасы табысталды.
Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласып, кештің арнайы қонағы – Қазақстанның белгілі әншісі Нұрлан Өнербаев әсем әндерін орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Көктемнің көркем мерекесі әйел-аналарға деген құрмет пен алғыстың жарқын көрінісіне айналды.
Барша аруларды 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!



