Жаңалықтар
Жаңа Конституция бойынша №27 мектеп мұғалімдерімен кездесу өтті

Сәтбаев қаласындағы №27 жалпы білім беретін мектепте Жаңа Конституция бойынша мұғалімдермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, олардың маңызы мен қоғамдағы рөлі туралы кеңінен түсіндірілді.
Шара барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойды. Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, мұғалімдер Жаңа Конституцияның ел дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.



