Жаңалықтар

Денсаулық сақтау саласы өкілдерімен кездесу өтті

Өңірлік коалиция мүшесі Райфа Сафиоллинова денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездесу өткізіп, сала қызметкерлеріне Жаңа Конституцияның маңыздылығы түсіндірді. Кездесу барысында медицина қызметкерлеріне жаңа Ата заңда қарастырылған негізгі өзгерістер мен оның қоғам дамуы үшін маңызы кеңінен баяндалды.

Райфа Сафиоллинова өз сөзінде Жаңа Конституцияда мемлекеттің ең басты құндылығы – адам және оның өмірі екені нақты көрсетілгенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл қағида азаматтардың құқықтары мен денсаулығын қорғауды күшейтуге бағытталған.

«Жаңа Ата заңда мемлекеттің ең басты құндылығы – адам және оның өмірі екендігі нақты көрсетілген. Бұл – азаматтардың өмір сапасын арттыруға, олардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. Сіздерді 15 наурызда өтетін референдумға қатысуға шақырамын. Себебі Жаңа Ата заң еліміздің болашақтағы бағытын айқындайтын негізгі құжат», – деді ол.

Басқа жаңалықтар

Back to top button