Жаңалықтар
Жәйрем кентінде «Конституция және әлеуметтік әділеттілік» тақырыбында ақпараттық кездесу өтті.

Бүгін Жәйрем кенті мәдени-сауық орталығының ұжымымен Конституцияға енгізілген өзгерістер жөнінде ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында республикалық референдумда қабылданған жаңартулардың мәні, олардың қоғам өміріне және азаматтардың құқықтарын қорғауға тигізетін ықпалы кеңінен түсіндірілді.
Конституциялық реформаның негізгі бағыттары баяндалып, заң үстемдігін нығайту мен елдің тұрақты дамуына қосар үлесі туралы жан-жақты мәлімет берілді.
Іс-шара барысында мәдениет саласының қызметкерлері өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Ашық форматта өткен кездесу өзара пікір алмасуға мүмкіндік беріп, азаматтық белсенділікті арттыруға ықпал етті.



