BasNewsЖаңалықтар
Теріскейде ұстаздар тапшылығы мәселесі толық шешілді

СҚО әкімдігінің отырысында оқу маусымының аяқталуы және Бірыңғай Ұлттық тестілеуге дайындық барысы пысықталды, хабарлайды BasNews.kz.
Биыл карантин уақытында оқушыларға 580 компьютер алынып, таратылды. Өңірде мұғалімдердің тапшылығы мәселесі толық шешілді. 3 жыл бұрын облыста 737 мұғалім жетіспесе, қазір бос орындар мүлдем қалмаған.
Өңір басшысы Бірыңғай Ұлттық тестілеуге кезінде балаларға қысым көрсетпеуді, әр қызметке өз міндеттерін дұрыс атқаруды тапсырды.