Жаңалықтар

Балалар өз мерекесінде құтқарушыларға қонақ болды

Алда жазғы демалыс. Құтқарушылардың негізгі міндеті – қыздар мен ұлдарға қауіпсіздік шараларын үйрету. ШҚО ТЖД қызметкерлері ерекше қажеттілігі бар балалар үшін құтқару станцияларының бірінде шеберлік сабақтары мен ашық есік күнін ұйымдастырды.

 

Әрбір бала зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету ережелерін меңгеруге мүмкіндік алды. Оларды Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері үйретті. Сонымен қатар, балалар шартты өртті сөндіріп көрді, құтқарушылардың жауынгерлік киімдерін киіп көрді, сондай-ақ төтенше жағдайларда адамдарға көмекке келетін заманауи катер мен квадроциклдерге мінді.

 

Бұдан бөлек, балалар ШҚО ТЖД қызметінде жүрген төрт аяқты құтқарушылармен де танысты.

 

«Балалар қауіпсіздігі – ТЖМ құтқарушылары үшін сөзсіз басымдық. Жаз мезгілінде жыл сайын демалыс лагерьлерінде байқаулар, акциялар өткізіліп, суда, өрт кезінде және терезеден құлау жағдайларының алдын алу бойынша рейдтер ұйымдастырылады. Бүгін балалар көптеген пайдалы білім алып, жазды қауіпсіз өткізуге мүмкіндік алды», – деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.

 

ШҚО ТЖД мамандары ата-аналарға демалыс кезеңінде қырағылық танытып, балаларды ешқашан қараусыз қалдырмауға шақырады.

 

Құтқарушылардың көмегі қажет болған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыздар.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button