Жаңалықтар

ШҚО-да мектеп жанындағы жазғы тілдік лагерьлер маусымы басталды

Жазғы демалыстың басталуына байланысты Шығыс Қазақстан облысында мектеп жанындағы тілдік лагерьлер өз жұмысын бастады. Биыл тілдік ортаға бейімдеуге бағытталған түрлі бағдарламалармен 4255 оқушы қамтылды.

Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының мәліметінше, лагерьлердің негізгі мақсаты – балалардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту, сөздік қорын кеңейту және алған білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік беретін қолайлы тілдік орта қалыптастыру.

Лагерь ауысымы барысында оқушылар үшін тілдік сабақтар, интерактивті ойындар, шығармашылық шеберлік сағаттары, зияткерлік байқаулар мен мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, қатысушылардың коммуникативтік қабілеттерін, шығармашылық ойлауын дамытуға және тілдерді үйренуге деген қызығушылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Тілдік лагерьлердің жұмысы оқушыларға жазғы демалысты пайдалы өткізумен қатар, тілдік дағдыларын бейресми әрі қызықты ортада жетілдіруге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button