BasNewsЖаңалықтар
Елбасы партияластарын праймеризге қатысуға шақырды
Билік партиясын қайта жандандыру нәтижесі бүкіл елде ауқымды праймериз жүргізу болады. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды Basnews.kz.
«Бұл алғаш рет өтіп жатыр. Бұл – партияішілік сайлау. Бұл – шынайы әлеуметтік лифті, бәсекелестік іріктеуі, жаңа идеялар мен жобалар іздеу», – деді Елбасы.
ҚР Тұңғыш Президенті барлық партияластарын праймеризге қатысуға шақырды.
«Барлық партияластарды, «Nur Otan» жақтастарын еліміз үшін осынау маңызды саяси оқиғаға барынша белсенді қатысуға шақырамын«, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.



