BasNewsЖаңалықтар
«Қазгидромет» алдағы үш күннің ауа райы болжамын жария етті

«Қазгидромет» РМК тамыздың 29-31 күндері аралығындағы ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Basnews.kz.
Кәспорын таратқан мәліметтерге қарағанда, алдағы мерекеде күн жылы болғалы тұр. Республиканың басым бөлігінде күн райының жайлы олуына шуақты антициклон ықпал етпек.
«Еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында атмосфералық ағынардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде мұнда найзағай ойнап, жел күшейіп, жаңбыр жауады, бұршақ түсуі ықтимал. Бірақ, жауын-шашынға қарамастан, бұл аймақтардағы ауа температурасы + 25 … 33 шамасында болады»,-делінген хабарламада.



