BasNewsЖаңалықтар

30 тамыз күні елордада автобустар жүрмейді

Алдағы жексенбіде елорданың автобустары мен автопарктерінде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Жексенбі, 30 тамызда қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге уақытша тоқтайды. Дүйсенбі, яғни 31 тамыздан бастап қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қалыпты жұмыс істейді», – деп хабарлады CTS.

Естеріңізге сала кетейік, елордадағы автобустар бүгіннен бастап рейстерге жаңа кесте бойынша шыға бастады.

Қаладағы қоғамдық көлік енді 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

Жолаушылар санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтауы қажет. Салонға маскасыз кіруге тыйым салынады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button