BasNewsЖаңалықтар
Kоронавирустан бір аптада 46 адам қайтыс болды

31 тамыз – 6 қыркүйек аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 46 адам көз жұмды, деп хабарлайды Basnews.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Өңірлер бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында – 7
Алматы қаласында – 4
Ақмола облысында – 6
Алматы облысында – 6
Атырау облысында – 1
Шығыс Қазақстан облысында – 8
Батыс Қазақстан облысында – 3
Қарағанды облысында – 8
Маңғыстау облысында – 1
Павлодар облысында – 1
Солтүстік Қазақстан облысында – 1
Қазақстанда коронавирус инфекциясы барлығы 106 032 адамнан анықталды, оның ішінде 97 967-сі жазылып шықты, қайтыс болды 1634 науқас.



