BasNewsЖаңалықтар
Пневмониямен ауырғандар саны 30 мыңға жуықтады

Қазақстанда өткен тәулікте 307 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Бұл туралы Basnews.kz www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 307 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 145 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 29 235, 320 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 6 787 жетті.



