BasNewsЖаңалықтар
Алматыда демалыс күндері қоғамдық көлік қатынайды

Алматыда алдағы демалыс күндері, яғни 19-20 қыркүйекте қоғамдық көлік жүреді, деп хабарлайды Basnews.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, демалыс күндері қоғамдық көліктер таңғы сағат 06:00-ден кешкі сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді.
Айта кетейік, қалада тұрғындардың өтініші бойынша, қыркүйек айы басталғалы қоғамдық көлік, оның ішінде метро кестеге сәйкес жұмыс істей бастады.



