BasNewsЖаңалықтар
Ақтаулық 2 бойжеткенді кабриолет капотына отырғызып қыдыртқан
Ақтауда жүргізуші екі бойжеткенді кабриолет капотына отырғызып қыдыртты, деп хабарлайды Basnews.kz Маңғыстау облыстық полиция департаментінің Instagram-дағы аккаунтына сілтеме жасап.
24 қыркүйек күні қала көшелерінде кезекшілік жүргізген Ақтау қаласының полиция басқармасы «Мираж-2» патрульдік қызмет батальонының қызметкерлері капотына екі бойжеткен отырып, қозғалып келе жатқан.
https://www.instagram.com/p/CFga1grMLJS/
«Mercedes-Benz» көлігін байқады. Бұл ретте полиция департаментінің аккаунтында салынған видеода бір бойжеткеннің жолда қозғалып келе жатқан көліктің капотына жүгіріп келіп секіргені көрініп тұр.



