BasNewsЖаңалықтар

Алматыда 15 мың мұғалім жалақысына үстемеақы алмаған

Алматыда 15 мың мұғалім кәсіби біліктілігіне байланысты тағайындалған үстемеақысын ала алмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Негізгі жалақы төленіп жатыр. Бізде тек мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне төленетін 25 пайыз үстемеақы кешігіп жатыр. Өйткені, педагогикалық ставкалар көбейіп жатыр. Біздің тарапымыздан өтініш жіберілді. Шамамен тамыз қыркүйек айларында 2 млрд теңге көлемінде төлем жіберілуі тиіс», – деді Алматы қалалық Білім басқармасының қаржы жоспарлау бөлімінің басшысы Әділ Отарбаев.

Оның айтуынша, есеп педагогтардың ставкасына байланысты жүреді.

«Бүгінде Алматы бойынша 15 мың мұғалімнің үстемеақысы кешігіп жатыр»,- деді спикер.

Айта кету керек, 2020 жылдың 1 қыркүйегінен үстемеақы балабақша тәрбиеленушілеріне, әдістемелік кабинеттердің мұғалімдеріне, қосымша білім беретін мұғалімдерге, колледж мұғалімдеріне де төленетін болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button