Лукашенко Беларусьте азамат соғысы басталуы мүмкін деп қауіптенеді
Беларусь президенті Александр Лукашенко елде азамат соғысы басталуы мүмкін деп қауіптенетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды BasNews.kz
Лукашенконың айтуынша, Минскіде наразылық білдірушілер жиналатын аулалар республикада азамат соғысының басталу орны болуы мүмкін.
«Минскіде зират секілді мемориалдар құрудың қажеті қанша? Біріншіден: зираттар мен мемориалдар тұрғындарға психологиялық тұрғыдан әсер етеді. Радикализация процесі басталды, мұны бәрі атап өтті және бұл аулалар төбелесу орнына айналуы мүмкін – айналды да. Біреулер фашистердің лентасын тағып кетеді, біреулер мұны жақтырмай алып тастайды, төбелес басталады. Негізгі мақсат – бұл қарсыласу пунктерінде радикализация жалғаса берсе, шетелден және өзімізден де адамдар қосылып, қолына қару алып, оны азамат соғысының басталуына айналдырғысы келеді», – деді ол.



