BasNewsЖаңалықтар

Қазақстан «KazSat-2R» жобасынан бас тартты

Байланыс серіктерінің жаңа түрлерінің шығуына байланысты «KazSat-2R» жобасын тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ҚР Президенті қабылдауында айтты, деп хабарлайды BasNewskz

Бағдат Мусин Мемлекет басшысына қазақстандық «KazSat» байланыс серігінің жүйесін дамыту жөнінде баяндады. Атап айтқанда инновациялық шешімдердің пайдасы үшін, соның ішінде байланыс серіктерінің жаңа түрлерінің шығуымен байланысты «KazSat-2R» жобасын тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұл бюджеттің миллиардтаған теңге қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді.

 

Back to top button