BasNewsЖаңалықтар

Елордада бір тәулікте 53 рет терек мамығының өрті сөндірілді

Елордалық өрт сөндірушілер терек мамығының жануына байланысты бір тәулікте 53 рет өрт орындарына барды, деп хабарлайды BasNews.kz.

«Қазгидромет 25-26 мамырда қаладағы ауа температурасының 36 градусқа дейін көтерілетінін ескертті. Қаладағы құрғақ ыстық күн райынан өрт қаупі күшейе түседі. Сонымен бірге, теректер мамығы жағдайды күрделене түседі. Тіркелген оқиғалардың көпшілігі адам кінәсінен болған. Бір ғана 24 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру бөлімшелері терек мамығының жануына байланысты 53 рет өрт орындарына шықты», – деді Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ Департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Еркін Отарғалымұлы.

Атап айтқанда, халықтың отты абайсыз пайдалануы, темекінің, сіріңкенің шаласы өртке әкеп соқтықтырады. Сондай-ақ, балалар да қызық үшін терек мамығын өртеп жібереді.

ТЖ департаменті терек мамығы өртін болдырмау және азайту мақсатында коммуналдық қызметтердің, пәтер иелері кооперативтерінің аулаларды, тротуарларды, сондай-ақ оттың тез таралу қабілетіне байланысты терек мамығы жиналатын басқа да орындарды тазалау жұмыстарын күшейту қажеттігін ескертеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button