BasNewsЖаңалықтар

Матрица: Атырау облысы «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды BasNews.kz.

Қазақстан 28 мамырдағы жағдай бойынша:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды облыстары.

«Сары» аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.

Айта кетейік, кеше «қызыл» аймақта тұрған Атырау облысы бүгін «сары» аймаққа өтті.

Back to top button