BasNewsЖаңалықтар

ІІМ автобус жолақтарына қатысты заңға түзетулер жобасын әзірледі

Ішкі істер министрлігі автобус қозғалысына арналған жолақтарды басқа көліктердің пайдалануын реттейтін заңнамалық түзетулер ұсынып отыр, деп хабарлайды BasNews.kz.

Бұл туралы Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз ведомсвоның онлайн брифингісінде айты.

«Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдар қалаларда арнайы бөлінген автобус жолақтарын автомобильдердің қарбалас сағаттардан тыс кезде және демалыс күндері пайдалану мүмкіндігін зерделей отырып автомобиль ағындарын ұйымдастыру мәселесін пысықтап жатыр. Ішкі істер министрлігі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін уәкілетті орган ретінде жол қозғалысы ережелеріне ықтимал түзетулерді алдын ала дайындады», – деді министрдің кеңесшісі.

Министрлік өкілі түзетулердің жобасы «Ашық НҚА» ақпараттық порталына жариланған еске салды.

«Елді мекендерде жол қозғалысын ұйымдастыруға және көше-жол желісін басқаруға заң жүзінде жауапты болып табылатын жергілікті атқарушы органдар көшелердің жалпы жүктемесін, қозғалыс қарқындылығын және қоғамдық көлікке арналған жолақтардың өткізу қабілетін зерттеп, тиісті сараптамалар негізінде талдайды.

Жария талқылау, халықаралық тәжірибені зерделеу нәтижелерін қоса алғанда, барлық жиналған материалдар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне енгізіледі. Заңнамаға тиісті түзетулер енгізудің орындылығын мемлекеттік органдар жиналған материалдарды қорытуға және талдауға қарай, жұртшылықтың пікірі негізінде қарайтын болады», – деді Нұрділдә Ораз.

Back to top button