BasNewsЖаңалықтар

“Allur Group” ашаршылық пен репрессия құрбандарын еске алды

«Allur Group» компанияның құрамына кіретін «Сарыарқа автопром» ЖШС ашаршылық пен репрессия құрбандарына арнап құрбандық шалып, дұға бағыштады, деп хабарлайды BasNews.kz.

Іс-шараның қонағы, ғалым-алаштанушы Берік Әбдіғали «Allur Group» компаниясының әлеуметтік әріптесі Қостанай автокөлік колледжінің студенттеріне, «Сарыарқа автопром» ЖШС қызметкерлеріне лекция оқып, белгілі Алаштанушылардың еңбегін сыйға тартты.

Және «Allur Group» басқарма басшысы Андрей Лаврентьев бастаған автопром өкілдерімен құрбандар ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Сондай-ақ қонақтар көлік жинау цехтарын аралап, жұмысымен танысты. Қазір «Сарыарқаавтопром» ЖШС JAC, Chevrolet, KIA модельдері бойынша отандық автокөліктер шығарады.

Back to top button