BasNewsЖаңалықтар

KASE қор нарығында доллар арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды BasNews.kz.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 31 мамыр кешімен салыстырғанда 1,38 теңгеге құлдырап, 1 доллар 427,33 теңге болды.

Ұлттық банктің 1 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 428,70 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 428, 44 теңге, сатып алу – 426, 94 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 428,17 теңгеден болса, ал сатып алу құны– 427,08 теңге.

Back to top button