BasNewsЖаңалықтар

Ақтауда 31 млн теңгенің алтын әшекейлерін өткізуге көмектескен кеден қызметкері 5 жылға сотталды

Маңғыстау облысында Түркиядан зергерлік бұйымдардың экономикалық контрабандасын іске асыру дерегі анықталды, деп хабарлайды BasNews.kz.

Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті «Әуежай – Ақтау» кеден бекетінің бас маманына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Лауазымды тұлға қызмет бабын пайдаланып, Түркиядан Қазақстан аумағына 80 жиынтық алтын бұйымдарын заңсыз тасымалдауға көмектескен.

Үш қазақстандық кеден бекетінің қызметкері арқылы құнды «тауарларды» кедендік бақылаудан өткізді.

Соңғысы астыртын әрекеті үшін 300 мың теңге алған.

Есептеуге сәйкес зергерлік бұйымдардың кедендік құны 31 млн астам теңгені , оның ішінде кедендік төлемдер – 7 млн астам теңгені құрады.

Ақтау қаласы сотының үкімімен лауазымды тұлға 5 жылға сотталды, ҚР үш азаматына 7,8 млн теңге айыппұл салынды.

Back to top button