BasNewsЖаңалықтар

Елімізде жасалған ең қолжетімді 5 көлік

Қазақстандағы автокөлік құрастыратын зауыттар көліктің бірнеше түрін шығарады. Ал темір тұлпардың бағасы оның маркасына, өндірушісіне, комплектациясы мен өзге де жайттарға байланысты өзгеріп отырады. Елімізде жиналған автомобильдердің тұрғындар үшін қолжетімді екені анық. Бұған көлікті сатып аларда ұсынылатын қызмет түрлерінің аздығы мен жергілікті көліктерге арналған түрлі акциялардың көптігі себеп. Осы орайда, Қазақстанда жасалған арзан көліктердің үздік бестігін назарларыңызға ұсынамыз.

1. Сhevrolet Nexia – 3 990 000 теңге
Бұл кез келген жастағы адамдарға арналған автокөлік. Техникалық мінездемесі мен классикалық дизайны, ыңғайлы салоны мен жеңіл басқарылатыны аталған автомобильдің әмбебаптығын көрсетеді. Одан бөлек, Сhevrolet Nexia қозғалтқышы 1,5 литр бензинге жарамды бюджеттік көліктердің қатарынан. Сондай-ақ, бұл көлік қаланың да, ауылдың да тұрғындары үшін ыңғайлы саналады.

Қазақстандағы арзан көліктердің көшін бастап тұрған Сhevrolet Nexia автомобилін 3 990 000 мың теңгеге сатып алуға болады.

2. Chevrolet Cobalt – 4 490 000 теңге
Өндірістен жаңа шыққан Comfort MT комплектациясымен жасақталған көліктерді 4 490 000 теңгеден бастап сатып алуға мүмкіндік бар. Қозғалтқыштың көлемі 1,5 литрге тең. Сондай-ақ, Chevrolet Cobalt көліктерін 4 пайыздық жеңілдетілген несиеге де рәсімдеуге болады. Аталған темір тұлпар түрінің механикалық және автоматтандырылған қораптары бар. Ел тұрғындары үшін бағасы қолжетімді автомобильдер қатарында. Chevrolet Cobalt салон мен жүксалғыштың кеңдігімен, күнделікті сапарға да, саяхатқа да ыңғайлылығымен ерекшеленеді.

3. JAC S3 – 5 590 000 теңге
JAC S3 – өте ыңғайлы кроссовер. 1,6 литр көлемді бензин қозғалтқышына, механикалық қорапқа және 109 ат күшіне тең қуатқа ие. Аталған көлік стилі мен дизайны жөнінен де алғашқы орындарда. Механикалық әдіспен басқарылатын, кондицонері мен жетілдірілген электроникасы бар «Luxury» комплектациясындағы көліктер 5 590 000 теңгеден сатылады. Сондай-ақ, JAC S3 кроссовері жеңілдетілген несие бағдарламасына қатысады. Яғни, армандаған көлігіңізді несиемен рәсімдеуге болады.

4. Kia Rio – 6 090 000 теңге
Кореялық бренд саналатын көлік Қазақстанда құрастырылады. Көлемі 1,3 литрге тең қозғалтқышы және 100 аттың күшіне жететін қуаты бар.
Аталған модельдің дизайны жетілдірілген, сонымен қатар, Қазақстандағы автомобиль жолдарына бейімделіп жасалған.
Көлікті ең қолжетімді бағада 6 090 000 теңгеден бастап сатып алуға болады.

5. Hyundai Acсеnt – 6 190 000 теңге
Аталған көлік түрі елімізде аса танымал. Қозғалтқыштың көлемі – 1,6 литр. Сондай-ақ, 123 аттың күшіне тең келетін қуатқа ие. Механикалық қораппен берілетін комплектация Қазақстанда 6 190 000 теңгеден бастап сатылады. Ал автоматтандырылған қораппен жасақталған көлік бағасы 200 000 теңгеге қымбат.

Back to top button