BasNewsЖаңалықтар

Алматыда Экспериментальная база көшесі үш айға жабылады

Алматыда Экспериментальная база көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды BasNews.kz.

«Алматы жылу жүйесі» кәсіпорнының мәліметінше, 2021 жылдың 8 маусымы мен 1 қыркүйегі аралығында Экспериментальная база көшесінде көлік қозғалысы шектеледі.

«Уақытша шектеулер осы көшедегі жолдың астында орналасқан магистральдық құбырды жоспарлы ауыстырумен байланысты. Жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдайды сақтау үшін үйлерге ыстық су уақытша схема бойынша берілетін болады», – делінген хабарламада.

Компания келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды.

Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.

Back to top button