BasNewsЖаңалықтар

Алматылықтар саябақтар мен базарларға тек маскамен ғана кіргізіледі

Саябақтар мен базарларға азаматтар маскамен ғана кіргізілетін болады. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды BasNews.kz.

«Коронавирус инфекциясының таралуын одан әрі тоқтату жөніндегі штаб халық жаппай баратын орындарға, атап айтар болсам саябақтар мен базарларға, сауда орталықтарына азаматтарды тек маскамен кіргізу туралы шешім қабылдады», – деді Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, коронавирус инфекцияның алдын алу бойынша үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады.

«Профилактикалық шаралар туралы баннерлер жаңартылады: әлеуметтік арақашықтықты сақтау, маска тағу», – деді ол.

Back to top button