BasNewsЖаңалықтар

Елордада емтиханда оқушылардың зардап шегуі: Қызметтік тексеріс басталды

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ұйымы елордада емтихан барысында ультракүлгін шамдардың қосулы қалғандығын растады, деп хабарлайды BasNews.kz.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» автономды білім беру ұйымы 2021 жылдың 7 маусымында Зияткерлік мектепте халықаралық бакалавриатқа емтихан тапсыру барысында бактерияға қарсы шамның қосулы күйде қалғанын растайды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүріп жатыр. Кінәлілердің барлығы жазаланады», – деліген Назарбаев Зияткерлік мектептері ұйымы таратқан ақпаратта.

Білім беру ұйымының атап өтуінше, 8 маусым күні медициналық тексеруден өту үшін барлық бала емтиханнан босатылған. Балаларды емдеу және оңалтуға байланысты барлық шығынды автономды білім беру ұйымы өтейтін болады.

«Барлық Зияткерлік мектепте бактерияға қарсы шамдарды пайдалану бойынша қосымша нұсқаулық жүргізіледі», – деп атап өтеді ұйымнан.

Back to top button