BasNewsЖаңалықтар

Алматы облысында сел жүрді

Әлеуметтік желілерде тас-лайды шайған судың видеосы пайда болды, деп хабарлайды BasNews.kz.

Биыл 9 маусымда болған жаңбыр мен бұршақ түріндегі қатты жауын-шашынның салдарынан сағат 15.30-дан 16.00-ге дейін «Жетісу Алатау» жотасының оңтүстік баурайының таулы бөлігінде құрғақ сайдың бойымен гүрілдеп аққан су тасқынға айналды, оның екпіні секундына 70,0 текше метрді құрады. Салдарынан Панфилов ауданының Көктал ауылдық округі, Ақжазық ауылының маңында, яғни Сарыөзек – Көктал жолының 171-інші шақырымында көпірден тасыған су жолға жайылды.Жайылған су көлемі шамамен 700-800 метрді алды, – деп хабарлады Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ, елді-мекендерді су басу қаупі жоқ.  Қазір сайда су қалмады, көліктердің жол бойымен жүруі штаттық режимде өтіп жатыр, – деп атап өтті ведомстводағылар.

Олар маусым айының 8-інде «9 маусымда Алматы облысында таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қысқа мерзімде нөсер жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін» деп дабылды ескерту жарияланғандарын еске салды. Алматы облысының Төтенше жағдайлар қызметі азаматтарды ауа-райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын қабылдауға шақырады.

Back to top button