BasNewsЖаңалықтар

Алматының Түрксіб ауданында бір ай бойы ыстық су болмайды

Алматының Түрксіб ауданында орналасқан бірнеше көшеде ыстық су беру бір айға тоқтатылады, деп хабарлайды BasNews.kz.

«Алматы жылу желілері» ЖШС мәліметінше, 2021 жылдың 14 маусымы мен 12 шілде аралығында Түрксіб ауданында орналасқан бірнеше үй мен ғимаратта ыстық су тоқтатылады.

Мына көшелерде ыстық су болмайды:

– Ахметов – Закарпатская;

– Калмаржын – Огарёва;

Компанияның мәліметінше, шектеулер алдағы жылыту маусымына дайындыққа байланысты енгізілген.

Нақтырақ айтқанда, «Әуежай» жылу қазандығына жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Back to top button