BasNewsЖаңалықтар

Алматыда әйелді қағып, мерт қылған полицей кінәсін толық мойындады

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі әйелді қағып, мерт қылған полицейден жауап алу сәтінің видеосын жариялады, деп хабарлайды BasNews.kz.

Алматы қалалық патрульдік полиция полкінің инспекторы Бақтияр Төлеутай жол-көлік оқиғасының мән-жайын айтты.

«Бүгін сағат 6:45 шамасында Өтемісұлы көшесімен оңтүстік бағытқа қарай кетіп бара жатқанымда, алдымдағы автокөлік солға қарай бұрылмақ болып, мен ол автокөліктен қашып, жол-көлік оқиғасын болдырмау үшін көлік жуу жаққа бұрылып кеттім. Сол кезде алдымда тұрған әйел адамды байқаусызда қағып кеттім», – деді ол.

Полицей кінәсін толық мойындады, ол марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтты.

Бұған дейін бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тіркелгені хабарланған еді. Іс Алматы Полиция департаментінің анықтау басқармасының өндірісінде. Жүргізушімен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, қайғылы оқиға 14 маусымда таңертең Алатау ауданында болған.

Back to top button