BasNewsЖаңалықтар

20 маусымда марафонға байланысты Алматы жолдарының бір бөлігі жабылады

Алматы жартылай марафонының ұйымдастыру комитеті жарыс өтетін күні жолдардың ішінара жабылатынын мәлім етті, деп хабарлайды BasNews.kz.

20 маусымда Алматы жартылай марафоны өткізілетін уақытта сағат 00:00-ден 12:30-ға дейін жартылай марафонның жүгіру қашықтығы өтетін жерлерде жолдардағы қозғалыс ішінара жабылады.

Жартылай марафон Тұңғыш Президент саябағынан басталады.

Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Назарбаев көшесіне дейінгі жол бөлігінде таңғы сағат 07:00-ден 12:00-ге дейін жабық болады.

Әл-Фараби даңғылының бойында Шашкин көшесінен бастап Назарбаев көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 03:00-ден 11:30-ға дейін жабылады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Әл-Фараби даңғылының бойында Науаи көшесінен бастап Розыбақиев көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 06:30-дан 08:00-ге дейін жабық болады. Барлық қозғалыс жолақтары толық жабылады.

Саин көшесі әл-Фараби даңғылынан бастап Абай даңғылына дейін сағат 07:00-ден 12:00-ге дейін жабылады. Батыс жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Сейфуллин даңғылының бойында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 07:00-ден 12:30-ға дейін жабық болады. Барлық қозғалыс жолақтары толық жабылады.

Абай даңғылы Саин көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін сағат 07:20-дан 12:30-ға дейін жабық болады.

Солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Back to top button