BasNewsЖаңалықтар

Доллар бағамы көтерілді

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл қымбаттады, деп хабарлайды BasNews.kz.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, 17 маусымның кешімен салыстырғанда доллар 0,91 теңгеге өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 427,70 теңге болды.

Ұлттық банктің 18 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 426, 77 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 428, 76 теңге сатылса, ал сатып алу – 427, 22 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 428,35 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу құны – 427,22 теңге.

Back to top button