BasNewsЖаңалықтар
Қазақстанда коронавирустың тарауы бойынша бес өңір «қызыл» аймақта

Қазақстанда коронавирустың тарауы бойынша бес өңір «қызыл» аймақта, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
27 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы мынадай:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.
⠀
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Қостанай және Маңғыстау облыстары.
⠀
«Жасыл» аймақта: Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.



