BasNewsЖаңалықтар

Оралда ер адамды пойыз қағып кетті

Нұр-Сұлтан – Орал жолаушылар пойызы 25 жастағы ер адамды қағып кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Оқиға Орал-Желаево аралығында болған. Теміржолшылардың айтуынша, ер адам құлаққап тағып алып, қозғалып бара жатқан пойыздың алынан жүгіріп өтпек болған.

«Жәбірленушінің аяғы мен арқасы жараланды. Ол комада жатыр», – деді Орал жол аралық учаскесінің басшысы Қуат Құламанов.

Пойыз адам қаққаннан кейін біраз уақыт тоқтап тұрды, бірақ кейін қозғалысын жалғастырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button