Цой Қазақстанда эпиджағдайдың нашарлағанын айтты

Қазақстанда коронавирус тарауы бір аптада 39 пайызға артты, – деп хабарлайды Basnews.kz. тілшісі.
29 маусымдағы жағдай бойынша, елімізде коронавирус жұқтырудың 421 121 дерегі тіркеліп, 4336 адам көз жұмды. Қазақстан 26 маусымнан бері «қызыл» аймақта. Ал, республика бойынша бес өңір «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Атырау және Қарағанды облыстары. Қалған өңірлер «сары» және «жасыл» аймақта. Кейінгі аптада коронавирус жұқтыру 39 пайызға артты», – деді министр.
Цойдың мәліметтері бойынша, 29 маусымдағы жағдайға сәйкес, республикада инфекциялық төсек-орынның 27 пайызы, жансақтау төсек-орнының 24 пайызы толған.
«Эпидемиологиялық жағдай нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин шаралары қатаңдады. Еліміз бойынша 5,2 миллион доза вакцина салынды, олардың ішінде бірінші компонент – 3,25 миллион, екіншісі – 1,95 миллион», – деді Цой.



