BasNewsЖаңалықтар

Коронавируспен ауырған адам неліктен 3 айдан кейін вакцина алуы керек

ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева КВИ-мен ауырған адамға үш айдан соң вакцина салу туралы шешім қалай қабылданғанын түсіндірді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес ауырып жазылған адамды үш айдан кейін вакциналау ұсынылып отыр. Мұндай шешім инфекциядан кейін 3-6 ай аралығында қайта жұқтыру жағдайларының жиі тіркелуіне байланысты туындады», — деді Айнагүл Қуатбаева.

Оның айтуынша, коронавируспен ауырған азаматтарды вакцинациялау онсызда әлсіреген ағзаның қайта жұқтырмауы үшін маңызды.

Инфекцияны қайта жұқтыру әдетте үлкен қиындықтарға әкеледі.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button