BasNewsЖаңалықтар

Алматыда карантиндік талаптар қатаңдатылды

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қала аумағында коронавирус инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы жаңа қаулыға қол қойды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Аудан әкімдері, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, «Атамекен» ӨКП (келісім бойынша), ұйымдар мен мекеме басшылары бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 2021 жылғы 1 шілдедегі қаулысының орындалуын қамтамасыз етуі керек.

Соңғы 3 ай ішінде COVID-19 жұқтырып, ауырып шыққан және вакцинаның толық курсын алғандардан басқа мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне ай сайын зертханалық тексеруден өту туралы тармақ алып тасталады.

Қалалық жағажайлар мен ашық бассейндер, қаулыға сәйкес, 7.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді, келушілер әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып ASHYQ арқылы кіреді.

Театрлар, кинотеатр және филармония залдары тек 30 пайызға, ал концертке арналған залдар 10 пайызға толуы тиіс.

ХҚКО-лар жұмысының уақыты, жексенбіден басқа, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін шектеледі. Алдын ала жазылу керек.

Қаулы 2021 жылы 4 шілдеден бастап күшіне енеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button