BasNewsЖаңалықтар

АҚШ елшілігі ауғандарды Қазақстанда паналату туралы өтінішке пікір білдірді

АҚШ-тың Нұр-Сұлтандағы елшілігі Америка үкіметінің «Талибанға» қарсы күресте көмектескен тоғыз мыңға жуық Ауғанстан азаматын Қазақстанда, Өзбекстанда және Тәжікстанда орналастыру туралы өтінішіне пікір білдірді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«АҚШ әскери армиясына және АҚШ үкіметінің басқа қызметкерлеріне көмектескендерді қолдауға тырысамыз, көбінесе олардың өздеріне және отбасыларына қауіп төнеді. Көп жұмыс істейміз және барлық мүмкін жағдайды алдын ала білуге тырысамыз.

Алаңдаушылық білдіретін бірқатар елмен, арнайы иммиграциялық визаларға өтініш берушілер тобын (Special Immigrant Visa немесе SIV), сондай-ақ бізге көмектескен және өміріне қауіп төніп тұрған басқа адамдарды шығарып алу, орналастыру мүмкіндігі туралы талқылаймыз.

Қазіргі уақытта бұл туралы нақты жаңалықтар жоқ. Қауіпсіздік мақсатында біз ұсынылған операциялар туралы ақпаратты шектеуді жоспарлап отырмыз», – деді елшілік баспасөз қызметіндегілер.

2 шілде күні АҚШ Орталық Азияның үш еліне – Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан басшылығына «Талибанға» қарсы күресте Америка әскеріне көмектескен 9 мыңға жуық Ауғанстан азаматын өз жеріне уақытша орналастыру туралы келісімге қол қоюға өтініш айтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button