BasNewsЖаңалықтар

Алматы тауларында жоғалған қыз ауыр жағдайда табылды

5 шілдеде Үлкен Алматы көлі ауданында жоғалып кеткен Әлия Камиева табылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы ТЖ департаментінің мәліметі бойынша, жоғалған адам 8 шілдеде сағат 10.56-да табылған.

Қыздың денсаулық жағдайы ауыр деп бағаланды. Зардап шегушіні тасымалдау және ауруханаға жатқызу қажет болған.

Департамент ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағын қыз табылған жерге жіберу бойынша жұмыстарды ұйымдастырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button