BasNewsЖаңалықтар

Алматыда 18 жастағы жігітті зорлады деген күдікпен мешіт күзетшісі ұсталды

Алматыда мешіт күзетшісі 18 жастағы жігітті зорлады деген күдікке ілінді, оны қалалық полиция ұстады, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Бұл туралы танымал адвокат Айман Умарова өзінің Facebook-парақшасында жазды.

Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факт бойынша арыз 8 шілде күні Бостандық аудандық полиция бөліміне түсті.

«Іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы (жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық) бойынша тіркелді, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Күдікті 1975 жылы туған К. есімді азамат қазір полиция бөлімінде. Профилактикалық шараны таңдау мәселесі шешілуде», – деп хабарлады полициядан.

Полиция депаратаменті атап өткендей, өндіріс аясында қажетті тергеу жедел іс-шаралар кешенін өткізу жоспарланып отыр. Тергеу амалдары толық, жан-жақты және объективтілік қағидаттарына сәйкес жүргізілді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button