Тоқаев үкіметке оқушылар мен студенттердің жаңа оқу жылында дәстүрлі форматқа оралуын қамтамасыз етуді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке оқушылар мен студенттердің жаңа оқу жылында дәстүрлі форматқа оралуын қамтамасыз етуді тапсырды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы пандемия білім сапасына кері әсер еткенін айтты. Сондықтан өткен оқу жылында жіберілген кемшіліктерді жою және жаңа оқу жылында артта қалмау талап етіледі.
«Тығырықтан шығудың жалғыз жолы – бұрынғы оқыту форматына көшу. Үкіметке жаңа оқу жылында оқушылар мен студенттердің дәстүрлі оқыту форматына оралуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Коронавирустың жаңа штамдары пайда болған жағдайда бұл тапсырманы орындау оңай емес екені түсінікті. Сондықтан оқушылар мен мұғалімдерді қорғауды барынша қамтамасыз ететін кешенді тәсіл әзірлеу қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


