BasNewsЖаңалықтар
Алматы әуежайы жолаушыларға үндеу жасады

Алматы әуежайында шлагбаумдар ауыстырылып жатыр, кіреберістердің бір бөлігі жабық, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Осыған байланысты әуежай өкілдері жолаушылардан рейске алдын ала келуді сұрады. Жөндеу жұмыстарын қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған.
«Жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – деді Алматы халықаралық әуежайы өкілдері.
Бұған дейін әуежайда жаңа халықаралық терминалдың құрылысы басталғаны хабарланған болатын. Ол VIP-терминал орнында болады. Жөндеу жұмыстары кезінде VIP-терминал ғимараты әуежайдың оңтүстік-батыс бөлігіне көшіріледі. Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2022 жылдың мамырына жоспарланған.



