Қазақстанда алғаш рет автокөлікті несиеге цифрлық түрде сатып алу жүйесі іске қосылдылды

Онлайн сатып алу және несиелер рәсімдеу өмірдің үйреншікті жағдайына айналып келеді.
Енді Қазақстанда киім-кешек пен техниканы ғана емес, тіпті автокөлікті қашықтан сатып алуға болады.
Елімізде алғаш рет автокөлікті несиеге цифрлық түрде сатып алу жүйесі іске қосылды. Оны «Allur» компаниялар тобының құрамына кіретін AllurAuto Еуразиялық банкпен бірлесіп жүзеге асырады. Бұл Қазақстан мен ТМД елдеріндегі автомобиль саласындағы теңдесі жоқ шешімге айналды. Енді көлік алам деуші адамға автосолонға барудың қажеті жоқ, өтінім беруден бастап автомобильді тіркеуге дейінгі барлық процестер онлайн режимде өтеді.
Цифрлық процесс Chevrolet, KIA, Jac және Mitsubishi модельдерінің ішінен өзіңізге ұнаған автомобильді таңдап, ұялы телефон немесе ДК болсын, кез-келген девайстан автокөлікті «басынан аяғына дейін» ресімдеуге мүмкіндік береді. Несие бойынша шешімді күту уақыты 10 минуттан аспайды. Осыдан кейін автоорталық көлікті есепке қояды, техпаспорт шығарады, мемлекеттік нөмір алады, клиентке табыс ету үшін автокөлікті дайындайды және құжаттарды барлық түпнұсқаларымен бірге келіскен уақытта үйіңіздің алдына жеткізеді.
«Бүгінгі таңда бұл «Allur» компаниялар тобының ТМД аумағында Еуразиялық банкпен бірлесіп жүзеге асырған алғашқы өнімі. Автокөлік компаниясының жұмысында онлайн-рәсімдерді қолдану ұзақ мерзімді үрдіске айналары сөзсіз. Қазақстандықтар осы артықшылықтарды, қолайлылық пен жылдамдықты, құжаттарды бірден банкке тапсыру мүмкіндігін мүлт жібермейтініне сенімдіміз. Біз автомобильді сатып алу процесін жеңілдету үшін бар күш-жігерімізді салып жатырмыз», – деді «Allur» КТ бөлшек сауда жөніндегі басқарушы директоры Мұхамед Алимханов.
Дилерлік орталықта автокөлікті тікелей көзбен көріп таңдап, сонымен бірге қашықтан сатып алудың барлық қолайлы сәттерін пайдаланғысы келетін қазақстандықтарға да жағдай жасалған. Олар үшін AllurAuto дилерлік орталықтарда орналастырылатын автомобильдің әр моделіне QR кодтар әзірледі. Клиент өз смартфонының көмегімен QR сканерлеп, жоғарыда сипатталған рәсімдерден өтіп, өтінімі мақұлданғаннан кейін барлық құжаттарға қол қойып, үйіне орала алады. Автокөлік тіркеу рәсімдері аяқталғаннан кейін бірден жеткізіледі.
Бүгінгі таңда өнім пилоттық режимде Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындары үшін іске қосылып жатыр. Бұл AllurAuto жоспарлаған инновациялық өнімдер желісінің алғашқысы, болашақта компания автомобильдерді бағалау бағытында предиктивті модельдерді, блокчейн технологиясы мен NFT пайдалануды енгізуді жоспарлап отыр.