Жаңалықтар

Қостанайда бір апта ыстық су мен жылу болмайды

2-17 қазан аралығында Қостанайда ыстық су мен жылу болмайды, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Құрметті қала тұрғындары, Қостанай қалалық әкімдігінің «Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» МҚК «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қостанай бөлімшесінің 07.10.2021 жылғы хатына сәйкес, «Қарталы-Рудный» магистральді газ өткізу құбырында 2021 жылдың 12-17 қазаны аралығында жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында газ толықтай өшіріледі. Газдың болмауына байланысты барлық жылу көздері де тоқтайды. Ыстық су мен жылу газ қазандықтары қайта жұмыс істегеннен кейін беріледі», – деді телекомпаниядан.

Басқа өзгерістер қосымша хабарланады.

Back to top button