BasNewsЖаңалықтар

Шымкент: Балалар жылы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту емі мен скринингтік тексеру жұмыстары

 «Балалар жылы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту емі мен скринингтік тексеру жұмыстары» бойынша емхананың бас дәрігері  Айгүл Қылышбаева Шымкент қалалық №6 емхананың мәжіліс залыныда БАҚ өкілдеріне баспасөз брифингін берді.

№6 Қалалық емхана бойынша халық саны –  64899. Оның ішінде: 1 жасқа дейінгі балалар саны – 1780; 2 жасқа дейінгі балалар саны – 3864; 3 жасқа дейінгі балалар саны – 5747; 4 жасқа дейінгі балалар саны – 7671; 5 жасқа дейінгі балалар саны – 9503; 6 жасқа дейінгі балалар саны – 11351; 0-14 жас аралығындағы балалар саны – 26022.

Брифинг барысында, 0-17 жас аралығындағы балалар скринингі мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын турасында сөз қозғалды.

«0-17 жас аралығындағы балалар бойынша профлилактикалық тексеріп қараудың көлемі арнайы мамандардың зерттеулерінен өтеді.  Орта және жоғары білімі бар мейіргерлер, педиатр, стоматолог, хирург , невропатолог, офтольмолог, эндокринолог, уролог, отолорионголог, отбасылық дәрігерлері медициналық қарап-тексеруден өткізеді.»-деді спикер.

Профилактикалық медициналық қарап-тексеру аяқталғаннан кейін бейінді мамандардың қорытындысы мен зертханалық-диагностикалық зерттеулерді ескере отырып, педиатр дәрігер, терапевт дәрігер немесе ЖПД «денсаулық тобын» айқындай отырып, балалардың денсаулық жағдайына кешендік бағалау жүргізеді. Және денсаулық тобын көрсете отырып физикалық және нервтік-психикалық дамуын бағалаумен эпикриз бен қорытынды ресімделеді (15 жастан 17 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда):

1-топ – дені сау балалар;

2-топ – дені сау, бірақ функциялық ауытқулары бар, сондай-ақ жіті және созылмалы ауруларға қарсы тұру қабілеті төмен, қауіп факторы бар балалар;

3-топ – организмінің функциялық мүмкіндіктері сақталған, компенсация жағдайындағы созылмалы аурумен ауыратын балалар;

4-топ – организмінің функциялық мүмкіндіктері төмен, субкомпенсация жағдайындағы созылмалы аурумен ауыратын балалар;

5-топ – организмінің функциялық мүмкіндіктері айтарлықтай төмендеген, декомпенсация жағдайындағы созылмалы аурумен ауыратын балалар.

3, 4, 5 денсаулық топтарына жататын балалар МСАК ұйымының мамандарының немесе тиісті бейін мамандарының динамикалық бақылауы мен сауықтыруына жатады.

Сонымен қатар, аудиологиялық скрининг жаңа туған нәрестелердің, ерте жастағы балалардың есту қабілетінің бұзылуын уақтылы анықтау, ерте араласу, мүгедектікке әкелетін ауруларды оңалту және алдын алу үшін жүргізіледі.

Аудиологиялық скринингтің міндеттері:

-барлық жаңа туған нәрестелерді, ерте жастағы балаларды және 6 жастағы балаларды қоса алғанда қамту;

– одан әрі тексеру, уақтылы араласу және оңалту үшін есту қабілеті бұзылуының тәуекел топтарын ерте анықтау (жүргізілген аспаптық зерттеулердің нәтижелерімен «Өтпеген»);

– есту қабілетінің бұзылуы (құлақ мүкістігі және кереңдік) қаупі бар балаларды одан әрі тереңдете тексеру үшін сурдологиялық кабинеттерге (орталықтарға, бөлімшелерге) жіберу;

– есту қабілеті бұзылған балаларды тереңдетілген педагогикалық тексеру және түзете-дамыта оқыту мәселелерін шешу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жіберу;                         -тексерілген пациенттерді есепке алу медициналық құжаттамаға (МАЖ) деректерді енгізу;                          -есту қабілеті бұзылған балаларды емдеу, түзету мәселелері бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) консультациялық көмек көрсету.

Аудиологиялық скринингті ұйымдастыру екі кезеңнен тұрады:

1)бірінші кезең-жаңа туған нәрестелерге меншік нысанына қарамастан босандыру ұйымдарында жүргізілетін неонаталдық аудиологиялық скрининг;

2) екінші кезең – аудиологиялық скрининг, ол 3 ай, 1 жыл, 2 жыл, 3 жыл, 6 жасты қоса алғанда меншік нысанына қарамастан МСАК медициналық ұйымдарының балаларды дамыту кабинеттерінде жүргізіледі.

Back to top button