BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда кедейлік шегі өзгереді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылғы 19 мамырдағы «Кедейлік шегінің мөлшерін анықтау туралы» бұйрықты бекітті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

2023 жылы 1 шілдеден бастап кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на тең.

2023 жылы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі – 40 567 теңге. Тиісінше, кедейлік шегі 28 397 теңге болады.

Осылайша, бұл көрсеткіш қазіргі уақытта қолданыстағымен салыстырғанда өзгермейді.

Бірақ 2025 жылы 1 қаңтардан бастап кедейлік шегі орташа табыстың 50% мөлшерінде айқындалады.

Бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізіледі.

Back to top button