ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөнінде жадынамалық парақшалар тарқатылды
“Орталық қырғы” базарда ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөнінде жаднамалық парақшалар тарқатылып, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жұмыстары жүргізілді. Жастар ресурстық орталығының бастамасымен өткен ақпараттық түсіндірме жұмыстарының мақсаты – NEET санатындағы жастар үлесін азайту мен мемлекеттік бағдарламаларды жастарға насихаттау.
Ақпараттық жұмыстарға, Әл-Фараби ауданы Еңбек мобильді орталығы, Отбасы банк және Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы мамандары қатысты.
Базар жастары мен келушілеріне мемлекет тарапынан тиімді бағдарламалар жөнінде түсіндіріліп, ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөнінде жаднамалық парақшалар тарқатылды.
Тұрғындар арасында ЖИТС жөнінде санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізудің ерекше маңызы бар. Әркім аурудың қалай тарайтынын, одан қалай сақтану қажет екенін жетік білуі тиіс.
Жалпы халықты, әсіресе балалар мен жастарды, қалыпті мінез қалыптастыруға, өнегелілікке, дұрыс жыныстық қатынас жасауға тәрбиелеу мәселесін жолға қоймайынша, ЖИТС-пен күресудің нәтижесі мардымсыз.
Жеке бас профилактикасы қарапайым әрі денсаулық үшін ұтымды.
Кез-келген азамат АИТВ-инфекциясының жұққан-жұқпағандығын анықтау үшін ірі қалалар мен облыс,аудан орталықтарындағы зертханаларға барып тексерілуіне болады.
ЖИТС — өлімге соқтыратын аса қатерлі вирустық дерт. ЖИТС-пен ауырған не вирусын тасымалдаушы шет ел азаматтары Республика аумағынан шығарылып жіберіледі, ал еліміздің азаматтары емделуге, кешендік тексерістерден өтуге міндетті. Оларды қызметтен, жұмыстан, бизнестен, заңға қайшы келмейтін іс-әрекеттің қай түрінен болмасын шеттетуге болмайды. Тек медицина, фармацевтика, тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлері (мысалы, шаштаразшы т. б.) жұмысын ауыстыруы қажет. Олар үшін ЖИТС-пен ауру, вирус тасымалдаушы болу — кәсіби ауру болып табылады, ЖИТС вирусын тасымалдаушылар қан (басқа да органдар мен тканьдер) беретін донор бола алмайды.