BasNewsЖаңалықтар

Университеттердің бірінен «Елбасы» сөзі алып тасталады

Парламент Сенатының депутаты Бекбол Орынбасаров қазақстандық университет атауынан «Елбасы» сөзі алып тасталатынын айтты, – деп хабарлайды basnews.kz тілшісі.

Сенат кулуарында депутат бұл жоспарлар «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» заңға енгізілген өзгерістерге байланысты екенін айтты.

«Бұл жеке мәселе. Қазақстанның арнаулы мемлекеттік органдары туралы заң нормаларын сақтау қажет болды. Заң «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде» оқыту мәселесін реттейді.

Сенаторлар осы университет атауындағы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық Заңның қолданылуын тоқтата тұруға байланысты «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы» деген сөздерді «Қазақстан Республикасы» деген сөздермен ауыстыруды ұсынды», – деді депутат Орынбасаров.

Back to top button