BasNewsЖаңалықтар

Абай облысындағы түрмеде кісі өлімі орын алды

Кісі өлтіру оқиғасы 2023 жылдың 5 қазанында болды. Екі сотталушы төбелесіп, салдарынан ауыр жарақат алған олардың бірі оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды basnews.kz.

Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша мекеменің бірқатар қызметкерлері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚАЖД.

«5 қазанда Абай облысының №19 аралас қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде екі сотталушының арасында жанжал туындап, салдарынан сотталғандардың бірі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша мекеменің бірқатар қызметкерлері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады Абай облысы бойынша ҚАЖД.

ҚАЖД аталған колонияда құқық қорғау органдарының, оның ішінде прокуратура, ҰҚК, Ұлттық ұланның бұрынғы қызметкерлері отырғанын да растады.

Back to top button